«Darmen» алматылықтарды жер сілкінісі туралы неге хабардар етпеді? Бұл туралы мобильдік қосымшаны жасаушылар айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Darmen» мобильдік қосымшасы халыққа жер сілкінді деп қана хабар таратады. Бұл құрылғы жер тербелісін болжай алмайды. Қазіргі уақытта жүйе Алматы айналасында орналасқан датчиктермен біріктірілген. Бұл құрылғылар өте аз. Жер дүмпуі 17 және 19 қаңтарда болды. Тұрғындардан жиі қойылатын сауалдардың бірі ол неге ескерту жасамады деген сұрақ. Бізде жылына 12 мыңға дейін жер сілкінісі тіркеледі. Сматрфондарыңызға егер жер сілкінісі 6,1 балдық шамада болса ғана ескерту келеді»,– деді «Darmen» мобильді қосымшаны жасау тобының өкілі Владимир Кучкин.
Өз кезегінде сейсмология институтының аймақтық сейсмикалық зертханасының меңгерушісі Алла Садықова онымен келіспеді.
«Ертерек алдын ала ескерту жүйесі ол датчиктер. П- толқыны пайда болған кезде белгілі бір сейсмикалық тербелістің амплитудасы әсер ететін құрылғы. Сондықтан екінші көлденең C-толқынның келуіне дейін, қашықтыққа байланысты бірнеше секундта ол автоматты түрде іске қосылады. Бұл пойыздардың қозғалысын тоқтату, электр қуатын, газды, суды өшіру үшін қажет. Бұл жүйе жер сілкінісінен халықты хабардар ете алмайды. Тіпті сіз П-толқынынан кейін, С-толқынының келетінін білсеңіз де 10 секундтта ешқандай шара қолданып үлгермейсіз. Бұл құрылғы коммуналдық жүйелерді автоматты түрде ажыратуға арналған. Қазір «Darmen» жүйесі бар. Жапонияда әр үйде, әр мекемеде жер тербелістердің белгілі бір амплитудасына жауап беретін датчиктер қойылған. Құрылғы дабыл қағып тұрады. Сол кезде сіз екінші толқын келгенше шешім қабылдап үлгересіз», - дейді Алла Садықова.
Сонымен қатар ол ТЖД қызметкерлеріне қарат: «Құрметті ТЖД қкілдері! «Darmen» жүйесі әбден дайын болған кезде ғана іске қосу қажет. Әйтпесе бұл қалада дүрбелең тудыруы мүмкін»,- деп атап өтті ол.
Еске салайық, соңғы бірнеше күнде алматылықтар бірқатар жер сілкінісін сезді.
Алғашқысы 17 қаңтар күні сағат 22.09-да тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Екінші рет 19 қаңтар күні 19 сағат 30 минутта болды. Бұл жолы жер дүмпуі 3-4 балл көлемінде сезілді. Бүгін 20 қаңтарда түске дейін, жер сілкінісі Алматы облысында тіркелді.