12 қаз, 2021 сағат 14:28

Дәрілік әрі медициналық заттардың 30 жаңа өндірісі іске қосылмақ


Бүгін Үкімет орысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021-2025 жылдарға арналған саладағы ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады және 9 міндет, 21 көосеткішті, 72 іс-шараны қамтып отыр. Оны қаржыландыру 3,6 трлн теңгені құрайды», - деді Цой. 

Оның айтуынша, аса тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім гранттары саны 3800-ге дейін, сондай-ақ әлімнің озық оқы орындарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары тұрғысында оқытылған дәрігерлер артады. 

Ұлттық жоба аясында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесін көбейту ескерілген. 

Мұнымен қоса, қабылданған шаралар халықаралық стандарттарына сәйкестелген тіркелген зертханалар санын арттыруға, дәрілік әрі медициналық заттардың 30-дан кем емес жаңа өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, темекі тартатын адамдар санын азайту, салауатты өмір салтын ұстанатындар мен спортпен айналысатындар үлесін арттыру қамтылған. 

«Экономикалық апектіде денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды 783 млрд теңгеге дейін арттыру, 13 мың жаңа жұмыс орнын құру, жоспарланған», - деді министр.