18 мау, 2020 сағат 16:29

Дәрігерлер өте ауыр хәлде жатқан 322 пациенттің бетін бері қаратты

Дәрігерлер өте ауыр хәлде жатқан 322 пациенттің бетін бері қаратты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 97 пациент көз жұмды. Бұл коронавирус өлімнің негізгі себебі болған жағдайлар. Бұған қоса, инфаркт, инсульт, окологиялық аурулар сынды негізгі дерттерден 54 адам қайтыс болды. Оларда коронавирус инфекциясы болғанымен жанама потология саналады», - деді ол Орталық комммункациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның дерегінше, сәуір айында коронавирустан өлім-жітім 1,3-14 пайыз болған. Қазіргі уақытта симптомсыз жағдайдарды есепке алғанның өзінде 0,6-0,6 пайыз ғана болып отыр. 

«Яғни, бұл дәрігерлеріміздің коронавирус инфекциясын емдеудің әдістерін меңгеріп, қарқынды терапияның барлық әдістерін қолдану арқылы аурудың алдын алу үшін жұмыс істеп жатқандығын білдіреді. 322 пациент реанимация бөлімшесінен бейінді бөлімшелерге ауыстырылды. Бұл пациенттер өте ауыр хәлде жатқан еді», - деді Ләззат Ақтаева.