Шымкентте дәрігерлер есін жоғалтқан науқастың туыстарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ер адам бірінші қалалық клиникалық ауруханада ем алып жатыр. 48 жастағы Жанұзақ Тұрсынқұловтың сол аяғында дымқыл гангрена, сепсис, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздігі бар.
Науқас "Қалада жақындарыңыз бар ма, өзіңіз қай жақтансыз" деген сұраққа жауап бере алмайды. Себебі жадын уақытша жоғалтқан болуы керек.
Дәрігерлер ер адамды таныған адам болса №1 қалалық клиникалық ауруханаға баруды немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.