Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесінің атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл жайлы өзім де қазір ғана білдім. Объективті және субъективті түрлі себептер бойынша бұл сұраққа субъективті жауап беру қиын. Бірақ елімнің азаматы ретінде, елімді сүйетін адам ретінде, Тәуелсіздігіміздің 25 жыл бойындағы жетістіктерімізге қуанатын адам ретінде бұл шешімді дұрыс деп есептеймін және біздің көшбасшы еліміздің бейбіт әрі тыныштықта өмір сүріп жатқаны үшін осындай жоғары құрметке лайық", - деді Дариға Назарбаева Сенат үзілісінде.
"Сонымен қатар, Президентіміз ірі масштабтағы адам екенін білеміз, ядроға қарсы және халықаралық терроризммен күрес бойынша қандай ірі бастамалары бар екенін білемміз", - дейді ол.
Дариға Назарбаева Қазақстанның әлемде ядро қаруынан бірінші болып бас тартқан ел болғанын еске салды.
"Бүгінде біз Астананың қақтығысушы тараптардың кездесуіне сенімді алаңы болып отырғанына куәміз. Сонда біз халықаралық және өңірлік қақтығыстарды реттеуге белсенді араласып жатырмыз. Сондықтан осының бәрін әржақты сарапай келе, әділ бағасын берсек, Мемлекет басшысы жоғары құрметке лайық. Ол тарихтың адамы", - деді сенатор.
Ал журналистердің Назарбаев бұрын мұндай бастамаларға қарсы болғаны жайлы сұрағына сенатор бұл бастаманың "төменнен" айтылған болуы мүмкін екенін айтып, жауап берді. "Бұл жағдайда мен өзімнің де қазір ғана бұл туралы біліп отырғанымды айта кетейік. Бұл төменнен айтылған бастама болуы керек", - деді ол.
Еске салайық, бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді.