«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлаудың жаңа моделі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірыңғай дистрибьютер арқылы сатып алу аясында дәрілік заттарды жоспарлаудың қолданыстағы моделінде жүйелі проблемалар байқалады. Кейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркіліске медициналық ұйымдардың дұрыс жоспарламауы, денсаулық сақтау басқармаларының, МӘМС бойынша өтінімдерді жинау мен келісудің көпсатылы процесі себепкер болып жатады», - дейді Ерхат Есқалиев.
Осыған байланысты, енді компания өз жұмысын қайта жүктеп, жоспарлаудың жаңа моделіне көшпекші.
«Жаңа модельдің мәні «ЭРДБ» және «МИСов» ақпарат жүйелерінің деректері негізінде автоматты режимде қажеттілікті қалыптастыруға негізделеді», - деді «СҚ-Фармация» басшысы.