17 қаз, 2022 сағат 12:07

Данияр Мейірхан Шымкент полициясында жаңа қызметке тағайындалды


Данияр Мейірхан Шымкент полициясында жаңа қызметке тағайындалды. Ақпаратты қалалық ПД баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығы бойынша, полиция подполковнигі Мейірхан Данияр Мейірханұлы Шымкент қаласы ПД жанындағы патрульдік полиция полкінің бастығы - командирі болып тағайындалды", - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, биыл мамырда Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілгені белгілі болды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық (ҚР ҚК-ның 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы) бойынша күдікті болды. Кейін ол 40 миллион теңге кепілмен босатылды.

14 қазанда адвокат Шимирбай Ағабеков Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын айтты. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те растады.