ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында құрғақшылықтың зардаптары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өсімдік шаруашылық өнімдері 919,7 млрд теңгеге өндірілді. Бұл нақты мәнде өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,3 пайыз аз. Төмендеу вегетациялық кезеңде қалыптасқан топырақ пен атмосфера құрғақшылығына байланысты туындап, дақылдардың өсуіне теріс әсер етті. Мәселен, облыс әкімдерінің жедел деректері бойынша, 1 қыркүйекке дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа түсімі 7,9 центнерді құрады. Бұл өткен жылдың осындай күні қалыптасқан түсімділіктен 33,6 пайыз аз», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, орташа республикалық көрсеткіштен жоғары өнім алған өңірлерді саусақпен санауға болады.
«Облыстар бөлінісінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық орташа деңгейден жоғары өсу қарқыны 5 облыста байқалады. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қсотанай және Шығыс Қазақстан облыстары», - деді Ербол Қарашөкеев.