12 сәу, 2021 сағат 17:27

COVID-19: Ғаламшардың қанша тұрғыны толық вакцина алды?

Қазіргі кезде әлемнің 154 елінде COVID-19 вирусына қарсы 781 млн-нан астам екпе салынды. Бұл вакцинаны толық алған ғаламшар тұрғындарының саны небәрі 5,1 пайызды құрайтынын шамалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Агенттіктің бағалауынша, статистика жасалған елдерде вакциналаудың орташа қарқыны қазіргі кезде күніне 17,9 млн дозаны құрап отыр. 

«Бұл алаңдатарлық жағдай. Осындай қарқынмен жаһандық иммунитеттің айтарлықтай деңгейіне жету үшін, жылдар қажет болады». Айтарлықтай деңгей мәніне тұрғындардың 70-тен 85 пайызына дейінгі көрсеткіш кіріп отыр. 

Bloomberg сондай-ақ шығарылған вакциналардың біркелкі үлестірілмегенін де атап өтуде. «Табыс деңгейі ең жоғары елдерде вакциналау табысы ең төмен деңгейі бар елдерге қарағанда 25 есе жылдам өтуде. 

Ғаламшар тұрғындарының 11,1 пайызы тұратын ең бай 27 мемлекеттің үлесі 39,3 пайызды (COVID-19 вирусына қарсы егілгендер) құрап отыр. 

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы ең көп екпе салынған елдер арасында АҚШ елі көш бастауда – мұнда 187 млн вакцина дозасы егілген, өткен аптада орташа есеппен алғанда күніне 3,14 млн дозадан болған, деп жазады Bloomberg. Осындай қарқын сақталған жағдайда, елде небәрі үш айдан кейін тұрғындардың 75 пайызына вакцина салынады. 

Айта кетсек, бірінші «үштікке» Қытай (164,5 млн екпе) және Үндістан (104,4 млн) кірді.