Colgate-Palmolive америкалық компаниясы денсаулық және гигиенаға қажетті заттардан басқа тауарлардың барлығын Ресейге жеткізуден бас тартты. Бұл туралы жұма күні компания сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Біз денсаулық және гигиена үшін күнделікті қолданысқа қажетті заттардан басқа барлық тауарлардың импортын және сатылымын, сондай-ақ барлық капиталдық салымды және жарнамалық қызметті тоқтаттық», - делінген мәлімдемеде.
Аталған шешімнің қабылдануына Ресей мен Украина арасындағы мәселе түрткі болғаны атап өтілген.