БЖЗҚ қазақстандықтар үшін комиссиялық сыйақыны азайтты. Бұл туралы Зейнетақы қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыларының шамалары: инвестициялық табыс сомасынан 5 пайыз және зейнетақы активтерінен айына 0,015 пайыз етіп белгіленді.
Айта кетейін, 2014 жылдан бастап бұл шамалар бірнеше рет төмендетілді де, 2019 жылы белгіленген параметрлерден төмен болып отыр», - деді Сәуле Егеубаева.
Комиссиялық сыйақыларды қысқартуға Қордың бизнес-процестерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, барлық қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру сияқты шараларының арқасында қол жеткізілген.