Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды тиімсіз пайдалану туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кейінгі 5 жылда бұл мақсатқа 2 триллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты желге ұшты, қаржының қайда жұмсалғанын тексеретін бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық нәтиже жоқ", - деді Тоқаев.
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді, халық пен шаруалардың өздерін де бұл іске тартуды тапсырғанын еске салды.