© SERGIO ALVES SANTOS/UNSPLASH
Қазақстанда арақ, алкоголь және коньяк сатылымы екі есе өскен. Осылайша, былтыр спирт ішімдіктерді сату деңгейі рекорд көрсеткішке жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылы дүкендерде 139,9 миллион литрден аса арақ, коньяк және алкоголь сатылған. Бұл - елдегі спирт ішімдіктер нарығын статистикалық тұрғыдан бақылау тарихындағы абсолют рекорд. 2021 жылмен салыстырғанда, ішкі нарықта алкогольді сату көлемі 90,4 пайызға өскен.
Бірінші кезекте арақ пен алкоголь өнімдері сатылған. Олардың сатылымы екі еседен де артық өсті: 44,2 миллионнан 90,1 миллион литрге дейін. Спиртті сату көлемі де өсті: яғни 29,3 миллион литр (өсім 68,1 пайыз). Коньяк та көбірек сатылған: 20,5 миллион литр, 73,5 пайыз өсіммен.
Былтыр шарап 26,9 пайызға, шампан 28 пайызға, сыра 1,9 пайыға аз сатылған. 2022 жылы елде 121,1 миллион литр спирт ішімдіктер өндірілді, өсім екі есеге жуық (98,7 пайыз). Сонымен қатар, арақ бірден 2,1 есе, ал коньяк 2021 жылмен салыстырғанда 83,7 пайызға көп өндірілді. Ал сыра мен шампан шығаратын компаниялардың өндірістік көрсеткіштері төмендеді.
Былтыр елге 33,8 млн литр алкоголь (өсім 52,5 пайыз) әкелінді. Бұл көлемнің жартысына жуығы арақ болды (14 миллион литр, өсім 45,4 пайыз).
Былтыр алкоголь сусындар 14,8 пайызға қымбаттады, ал кейінгі жылдары мұндай тауарлардың тұтыну бағаларының индексі 7 пайыз бен 10 пайыз аралығында өзгерді.
Бәрінен бұрын сыра қымбаттап, баға 18,9 пайызға өсті. Одан кейін арақ 13,8 пайызға қымбаттады.