11 сәу, 2022 сағат 10:25

БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар санын айтты

Фото: ©REUTERS

БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар саны 4,5 миллион адам болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ БЖКБ сайтына сілтеме жасап. 

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 24 ақпаннан бастап 4 503 954 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасынан өткенін мәлімдеді.

©REUTERS 

Польша шекарасынан - 2 593 902, Румыния - 686 232, Венгрия - 419 101, Молдова - 410 882, Ресей - 404 418, Словакия - 314 485 және Беларусь шекарасын 19 096 босқын кесіп өтті.

Бұдан бөлек, БҰҰ БЖКБ өкілі 18-23 ақпан аралығында Ресейге Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан 113 мың адам келгенін айтты.

©REUTERS

БҰҰ босқындардың бір бөлігі Еуропа Одағының басқа елдеріне, мысалы, Италия, Германия, Франция, Чехияға кетіп жатқанын атап өтті. Кейбірі АҚШ, Ұлыбритания және Аустралияға барады.