ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі - БҰҰ Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Германды қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында бейбітшілік пен қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, су-энергетикалық проблематикасы, превентивті дипломатияны нығайту салаларындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның БҰҰ Өңірлік орталығының қызметін қолдайтын атап өтті. Орнықты даму, бейбітшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы Қазақстанның бастамаларымен таныстырды.
Н. Герман терроризмге қарсы күреске Қазақстанның үлесі, атап айтқанда, Сирия аумағынан қазақстандық азаматтарды шығару жөніндегі «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижелерін жоғары бағалады. Операция нәтижесі бойынша әскери қақтығыс болып жатқан аумақтарынан 600-ге жуық азамат шығарылған. Н. Германның айтуынша, ұқсас операцияны өткізу бойынша тәжірибені қабылдауға қызығушылықты білдіріп, Қырғызстан және Тәжікстан Қазақстанның жолын таңдады.
Өңірлік орталығының басшысы әйелдер мен жастарды қақтығыстарды алдын алу мен шешу, бейбітшілік құру, бітімгершілік процестеріне қатыстыруға бағытталған Өңірлік орталығының жаңа бастамаларын хабарлады.
Тараптар трансшекаралық су пайдалану және қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөп, су ынтымақтастығы бойынша Орталық Азия елдерімен бірлескен көпжылдық тұжырымдамасын дайындау қажеттігін атап етілді.
БҰҰ Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы қақтығыстарды алдын алу саласындағы өңірлік елдерінің әлеуетін нығайту үшін 2007 жылғы 10 желтоқсанда Ашғабат қаласында Орталық Азия елдерінің бастамасымен ашылған.
Еске салайық, «Жусан» гуманитарлық операциясы - ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. 2018 жылдан бері жүзеге асырылуда.
Сириядан қазақстандықтардың алғашқы легі биылғы 6 қаңтарда елге жеткізілген болатын.
7-9 мамыр күндері аталмыш елден Қазақстанның тағы 231 азаматы оралды.
Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан елімізге жалпы 357 бала қайтарылды.
28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі өткізілген еді.