Фото: Polisia.kz
Экс-сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қала тұрғыны бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы арызбен полицияға жүгінген.
Айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.
"Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады.
Полицейлер аталған дерек бойынша тергеу әрекеттерін бастады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды" - делінген хабарламада.
Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.