Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"1 қыркүйекте сотталған Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробациялық есептен шығарылды. Ол қазір Қазыбек би аудандық пробация қызметінде лауазымға ие болуға тыйым салу бойынша қосымша жаза алу үшін есепте тұр", - деді ҚАЖК өкілі.
2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметовтің мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сот оны сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп тапты.
