Ақмола облысының Бурабай ауданындағы қонақүйден ұрланған асыл бұйымдар табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы мамырдың 15-де Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне курорттық аймақтағы қонақүйлердің біріндегі қаупсіздік қызметінің басшысынан арыз түсті.
Ер адамның сөзінше, «Гранд-отель» кеңсесінен асыл бұйымдар салынған конверт жоғалған.
«Шығын көлемі 1 257 000 теңгені құрады. Криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері Щучье қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Одан заттай айғақтар алынды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Қазіргі кезде, ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігі бойынша «ұрлық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.