Ақмола облысының Бурабай курортында Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 13.00-де Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының үстіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) өртенгендігі туралы ақпарат түскен.
«Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 60 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 40 қызметкері мен 2 техникасы, «Қазавиақұтқару» МИ- 26 тікұшағы жұмылдырылды», - деді ведомстводағылар.
Сағат 16:10-да өрт ауыздықталды.
Бастапқы мәлімет бойынша, өрт қураған шөптен шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.