Бурабай ауданының Щучье қаласында таудың үстіне «BURABAY» жазуы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Калифорниядағы белгілі HOLLYWOOD жазуы іспеттес алып әріптер Щучинск қаласындағы телемұнараның жанындағы тауға орнатылды.
Жалпы ұзындығы 60 мерт, биіктігі 14 метрді құрайтын әріптер түнде түрлі-түсті болып жанады.
«Бұл жазу Бурабайдың адамдар суретке түсетін сүйікті жерлерінің бірі болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, курорттың символы ретінде өңірге туристерді тартуға да септігін тигізбек», - дейді Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғали.
Сонымен қатар, Бурабайда биылғы туристік маусым ашылған кезде «Визит орталық» аумағында аквапарк ашылды.
Айналма жол айырығында «I Love Burabay» әдемі сәулетті композиция орнатылғанын да атап өткен жөн.