Ақмола облысы Щучинск қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлке тарихы — Ел тарихы» атты жылжымалы фотокөрме өтті. Шараны Ақмола облыстық мемлекеттiк архив қызметкерлерi ұйымдастырды.
Көрменi «Көкке өрле» атты әнмен аудандық мәдениет үйiнiң қызметкерлерi ашты. Одан кейін қала әкiмi Бегахмет Махметов сөз алып, көрмені салтанатты түрде ашты. Жалпы көрмеге келушiлер қатарында аудандық әкiмшiлiк, аудандық мемлекеттiк ұйымдар, педагогикалық колледж студенттерi мен оқытушылары, қалалық мектеп оқушылары мен мұғалiмдер, кiтапхана және мәдениет үйiнiң қызметкерлерi мен жергiлiктi қала тұрғындары болды.
Педагогикалық колледж студенттерi және оқытушылары көрмеге үлкен қызығушылық бiлдiрдi. Келушілер ұйымдастырушыларға және экскурсия жүргiзушiлерге алғыстарын айтып, лебiздерiн пiкiрлер кiтабында қалдырды.
Айта кетсек, бұған дейін республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру кешенiнде таяу және алыс шетелдерден келген қазақ диаспорасы өкiлдерiне арнап «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы көрмесi өткен болатын. Көрмеге Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Иран, Германиядан келген қандастарымыз қатысты.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында iске асырылып жатқан көрменiң басты мақсаты - шетелдегi қазақ диаспорасына Ақмола облысының тарихы мен көрнектi тұлғалары, ұлттық мәдениетi, салт-дәстүрi туралы баяндау.
Фотокөрме алдағы уақытта Ақмола облысының бірнеше өңірінде жалғасады.