Фото: massaget.kz Кадрлер видеодан
Бес жастағы бүлдіршіннің ішінен "жын шығарған" атыраулық емші Кейқуат Оспанов әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, - деп хабарлайды Ult.kz, Massaget.kzке сілтеме жасап.
"Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түспен жоқ. Қазір оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр", - деп қысқа қайырды прокуратура өкілі.
Еске салайық, желіде 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқан видео тараған еді. Онда жерде қолы байлаулы жатқан қызды екі адам ұстап тұрғанын көруге болады.