21 қар, 2019 сағат 17:02

Бұланды, Бурабай аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы «Жергілікті жерлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде облыстың мәдениет мекемелерінің қызметін одан әрі жақсарту шаралары мен жағдайы туралы» мәселені зерделеуді жалғастыруда.

Бұл жолы комиссия төрайымы Е.Мащинскаяның басшылығымен жұмыс тобы Бұланды және Бурабай аудандарында болып, мәдениет мекемелерінің жұмысымен және жағдайымен танысты, ұжымдармен кездесулер өткізді.

Осылайша, Бұланды ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында бөлім нақты жұмыс жүргізді. «Туған жер» базалық бағытын іске асыру аясында «"Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2 жоба бар: «Туған жердің бұлағы» және «Балуан Шолақ» естелік кітабы». Жобаларды іске асыру мерзімі үш жыл (2017-2019 жылдар). Осы жобалар бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Модельді аудандық кітапхана базасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау және бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін зал ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет үйінде ересектер мен балаларға арналған көркем үйірмелер бар. Ағымдағы жылы мәдениет мекемелерімен 1675 іс-шара өткізіліп, оған 14855 адам қатысты.

Бурабай ауданында 10 клуб мекемесі мен 34 кітапхана бар. 3 мәдениет нысаны апаттық жағдайда және Щучинск қ. «Агрореммаш» МҮ, Бурабай к., Наурызбай батыр клубтары жұмыс істемейді.

Бурабай ауданының 4 киелі нысаны «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті объектілері» энциклопедиясына енгізілген.

Жалпы алғанда, мәдениет саласындағы жұмыс Мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға, мәдениет саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған, бұл мәдени коммуникациялардың жаңа нысандарын дамытудың және елдің мәдени кеңістігін біріктірудің маңызды факторы саналады.

Үлкен ұйымдастыру жұмысы ұлттық және мемлекеттік мерекелерді дайындау және өткізу кезінде жүргізіледі, оған этно-мәдени бірлестіктер, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Бұл мәселе жақын арада облыстық мәслихат комиссиясының отырысында егжей-тегжейлі қаралатын болады.