16 там, 2019 сағат 17:03

Арыс тұрғындары 100 мың теңгеден жәрдемақы алды

Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 58 мың халқы бар Арыс қаласының тұрғындары өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы алып жатыр.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға түскен 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.