Мұнайдың бұл түрінің құны 6 наурыздан бері 50 доллардан аспаған еді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың ақпанында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны мұның алдындағы сауда-саттық кезіндегі бағаға қарағанда 2,48% өскен.
Сөйтіп мұнайдың бір баррелі $50,07 болды.
Бұны қор биржасының Мәскеу уақытымен сағат 17:44 кезіндегі мәліметтерінен білуге болады.
Brent мұнайының құны осы көрсеткішке соңғы рет 6 наурызда жеткен болатын.