01 мау, 2021 сағат 13:18

Brent мұнайының бағасы барреліне 70 доллардан асты


Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 70 доллардан асты. Бұған Лондон ICE биржасындағы сауда деректері дәлел, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан уақытымен 11.36-дағы жағдай бойынша, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 2,226 пайызға - барреліне 70,25 долларға дейін өсті. Шілдедегі WTI фьючерстері 2,021 пайызға - барреліне 67,66 долларға дейін қымбаттады.

РИА Новости мәліметі бойынша, инвесторлар ОПЕК+ техкомитеті мүшелерінің бағасын қайтарып жатыр, оған сәйкес пандемия кезінде жиналған артық мұнай азайып, екінші жартыжылдықта шикізат қоры тез төмендейді. Осыған байланысты сарапшылар ОПЕК+ министрлік комитеті 1 маусымдағы отырысында одақтың шілдеге жоспарланған мұнай өндіру көлемін ұлғайтуды растайды деп күтіледі.

Сонымен қатар, теңгеге қатысты доллар бағамы арзандап жатыр. Таңғы сессия қорытындысы бойынша сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 427,33 теңге болды.