05 сәу, 2021 сағат 22:56

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 61 долларға дейін түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 пайызға арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

WTI мұнайы фьючерсінің бағасы 5,06%,-ға төмендеді. Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны барреліне 61,58 долларға дейін түсті.

Brent сортының бағасы 5,16%-ға төмендеп, сауда-саттық аяқталар тұста баррелі 61,51 долларға бағаланды.

Қазіргі уақытта WTI мұнай фьючерсінің құны 5,73% - ға арзандап, баррелі 57,93 доллар шамасында тұр.