19 там, 2021 сағат 19:03

Brent маркалы мұнай бағасы мамырдан бері алғаш рет $66 төмендеді


Бейсенбі күні сауда-саттықта бір баррель мұнай бағасы $66 арзандап, мамырдан бері алғаш рет ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Reuters-ке сілтеме жасап. 

Brent маркалы мұнай бағасы 1,87 долларға (2,7%) арзандап, 66,36 доллар болды. Бұл - мамырдан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, WTI маркалы мұнай құны 1,96 долларға (3%) төмендеп, $63,50 доллар болды. Осылайша, екеуінің де бағасы да алты күннің ішінде төмендеді. 

Халықаралық энергетикалық агенттік өз болжамында мұнайға деген сұранысты Delta штамының таралуымен байланыстырып отыр. Алайда, ОПЕК болжамы өзгеріссіз қалды.