Brent маркалы мұнай бағасы 84 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай баррелі 2018 жылдың қазанынан бері алғаш рет 84 доллардан асты.
ICE Лондон биржасындағы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен 16.05-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерс келісімдерінің бағасы 2,088 процентке жоғарылап, 84,110 долларға жеткен.
WTI маркасы 2,583 процентке қымбаттап, баррелі 81,4 долларға жетті.