Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Байқоңыр төңірегінде оба індетіне байланысты хабарламаға қатта алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат.
«Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі ретінде айтарым, осындай жағдайларға бізде әрекет ету шаралары жүзеге асырылады. Аталған учаскені шұғыл оқшаулау қадамдары атқарылып, халықтың денсаулық жағдайы тексеріліп, тұрғындарды вакциналау жүргізіледі. Осы жүйелі жұмыстар міндетті түрде іске асырылып, барлығы тиісті деңгейде жасалады. Сондықтан қатты алаңдаудың реті жоқ», - деді Божко Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Осы орайда ол бұл бағыттағы жұмыстар жеткілікті деңгейде пысықталғанын және аталған оқиғадан күрделі салдар болмайтынын жеткізді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Байқоңыр төңірегінде оба індеті табылды. Аса қауіпті жұқпалы ауру орын алған жағдай туралы қала әкімшілігінің ресми сайтынан мәлім болды.