Польша шекарашылары Беларусьтен келген босқындар Брузги шекара бекетінде тағы бір лагерь ашқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Бұл туралы ақпарат Польша шекара қызметінің Twitter желісінде жарияланды.
"Беларусь жақтан бір топ шетелдік Брузги шекарасынан өтуге әрекет жасап жатыр, бұл - жаңа лагерь. Ескі лагерьде әлі де адамдар бар. Жалпы, осы маңда мыңға жуық шетелдік бар, қалғанын Беларусь қызметтері алып кетті", - делінген хабарламада.