Еуропа алдағы екі жыл ішінде ресейлік газдан бас тартады. Бұл туралы Еуроодақ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Sky News Arabia-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Боррельдің сөзінше, Еуропа ресейлік энергия ресурстарынан бас тартуға емес, газ сатып алу көздерін әртараптандыруға тырысады, себебі Ресей "сенімсіз әріптес" болып көрінеді. Оның айтуынша, мұнда Қиыр Шығыс пен жасыл жобалардың ролі орасан.
"Бүгінде біз ресейлік газ бен мұнайға қатты тәуелдіміз", - дейді Боррель.