Фото: nato.int
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон НАТО бас хатшысы лауазымына үміткер болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол украиналық "Рада" телеарнасының эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Журналист Джонсоннан НАТО-ны басқару жоспары бар ма екенін сұрады.
"НАТО-ны басқару? Керемет ой. Өте сәтті. Қымбатты достар, мұндай жоспар бар екенін баса айтқым келеді және резервте мұндай үміткер бар екенін ешкім ұмытпасын. Бұл жолы жолым болады деп ойлаймын", - деп жауап берді Джонсон.