27 там, 2022 сағат 11:07

"Бомба қойылған": Алматы қалалық және облыстық сот ғимараттарында тексеру жүргізілді


Алматы қалалық сотының ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасы.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдаған.

«Бомба туралы хабарлаған азамат билік өкілдеріне ультиматум қойды», - делінген хабарламада.