02 шіл, 2019 сағат 18:34

Болат Бақауов: Павлодар әкімі сенімді ақтамады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қала әкімі Әнуар Күмпекеевке қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде айтты. -

Әнуар Күмпекеев қымбат пәтер сатып алуға байланысты бюджет қаражатын тиімсіз және ысырап еткені үшін сөгіс алды, - деді облыс әкімі. - Соған қарамастан, тағы да қателікке жол беріп, алты миллион теңгеге эбен жиһазын сатып алды. Президенттің бюджеттен артық шығындарды жұмсауға тыйым салу туралы тапсырмасын елемеді. 11  маусымда оған қатаң сөгіс жарияланды.

Облыс әкімі аппарат басшысына қала әкімінің міндеттерін орындау үшін Ермұрат Нұрхановтың атына өкім жобасын дайындауды тапсырды.

- Әнуар Күмпекеев саяси мемлекеттік қызметші ретінде сенімімді толығымен ақтамады. Тиісті құжаттар Президент Әкімшілігіне жіберілетін болады, - деді Болат Бақауов.