Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанымен елордаға қалай жеткенін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Кеше осы жолмен 3 сағат 20 минутта келдім, ешкім арнайы алып жүрген жоқ. Жол өте жақсы, екі жерде – Шідерті мен Қалқаманда әлі жұмыстар жүріп жатыр. Cоңғы ұсақ-түйек жұмыстар қалды. Қазір жол салынып бітті, мен айтқан екі учаскеден бөлек, айналма жол жоқ», - деді Б. Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, әкім Нұр-Сұлтанға қызметтік көлікпен келгенін айтты.
Еске сала кетсек, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанының 1 желтоқсанда ашылатынын хабарлаған еді.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордада 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.