«Болашақ» шәкіртақысын иеленгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тізім «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында жарық көрді.
Барлығы 171 адам «Болашақ» шәкіртақысын алатын болды.
«Еске саламыз, иегерлерді іріктеу ережесінің 27 пунктіне сай шетелде мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссияның «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау туралы шешімі шыққан соң 90 күннің ішінде қоғаммен келісімге отыру шарт. Бұл үшін сайтта жарияланған келісімге отыру туралы мағлұматтармен танысып шығу керек. Егер 90 күн ішінде келісім шарт жасалмаса Ереженің 28-тармағына сәйкес акционерлік қоғам «Болашақ» шәкіртақысын қайтарып алу туралы мәселені қарайтын болады», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері.
Толық тізімді мына жерден көруге болады.
Айта кетерлігі, кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы барысында 171 адамға «Болашақ» шәкіртақысы тағайындалды.