Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) АҚШ-та рингке оралуға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы Калифорния штатындағы Окснардта Джеймс «Бадди» Макгриттің атақты бапкерінің залында жаттығуды бастады. Ол өзінің әлеуметтік желілеріне бапкермен түскен суретін салып, оның астына «Кеңседемін» деген жазу қалдырған. Сонымен қатар Жәнібек жаттығып жатқан видеосын көрсетті.
Бұдан бұрын Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлының бразилиялық Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) айқасатыны туралы мәлімдеген. Боксшылар орта салмақтағы WBO әлем чемпионының «уақытша» титулы үшін жекпе-жекке шығады. Алайда айқастың дәл қашан болатыны әзірге белгісіз.