Ішкі істер министрлігі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің тоқтағанын мәлімдеді.
"Астана қаласы Есіл ауданының Полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтады", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, 2023 жылдың маусым айында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов төбелескен еді. Желідегі төбелестің видеосы тарады. Видеодан Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Кейін боксшыға іздеу жарияланды.