10 қыр, 2019 сағат 12:25

Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ол ҚР БҒМ «Ғылым қоры» басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру  мәселелерін оң шешу және жалпы қамқорлыққа ие болу үшін 5 мың АҚШ долларын берді деген күдікке ілінді», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының үстінен де пара алды деген күдік бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Аталған қылмыстық іс бойынша шешімді сот шығарады.