21 мам, 2020 сағат 15:46

Блокпосттан өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкеріне 13 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда блокпосттан азаматтарды кедергісіз өткізген әкімдік қызметкері сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы тұрғындарынан «Ащыбұлақ» шеңберіндегі №11 блокпост арқылы кедергісіз арлы-берлі өтулері үшін бірнеше мәрте жалпы сомасы 380 мың теңгеден асатын параны алғаны үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөліміның бас маманы С.Оразов сотталды», - делінген ведомство ақпаратында. 

Агенттік мәліметінше, сот үкімімен оған 13 млн 300 мың теңге айыппұл салынды. 

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.