05 жел, 2022 сағат 10:57

Блогер Каспий теңізінің таязданған аумағын көрсетті


Қазақстандық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы таязданған Каспий теңізі аумағын әуеден түсіріп көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Блогер видеоны Instagram-парақшасында жариялады. Ол дронды Темір баба қорымы аумағында ұшырып, Каспий теңізінің тайызданған аумағын түсіріп алған.

"Бір кездері теңіз жағалауы қаңырап бос қалған Ақсу балықшылар ауылы маңында болатын (адамдар 1974 жылы кеткен), қазір су жағалау сызығынан біртіндеп алыстап барады. Қызылсай қорығының табиғатты қорғау инспекторлары күн сайын аумақты патрульдейді. Олар кейінгі жылдары бұл жерден су шамамен 300 метрге кеткенін айтады", - деп жазды Сәрсенбаев.