АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан халқын мемлекеттік мереке - Республика күнімен құттықтады. - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын жақында жарияланған 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына бейілділігін қуаттайды және алдағы жылдары қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түсетініне үміттіміз.
Республика күні Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға арналған. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып табылады. АҚШ Қазақстанның реформалық күн тәртібін толықтай қолдайды және олардың нақты, айқын әрекеттер арқылы тұтастай жүзеге асырылуын мақұлдаймыз. Қазақстан Орталық Азия жүрегiнде экономика және коммерцияда бағалы серіктес болып табылады және біз оның өңірдегі ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз.
АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды және біз Қазақстан халқымен 31 жылдық берiк достығымызды мақтан тұтамыз", - делінген құттықтау хатында.