сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
БҚО Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері контрабанданы, алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Найза" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында 500-ден астам темекі блогы мен 1 тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Осы жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы БҚО Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Орал қаласының екі тұрғынынан 513 блок акцизсіз темекі заттарын тауып, тәркіледі.
Сондай-ақ 33 жастағы азаматтың басқаруындағы "Газон" маркалы жүк көлігін тоқтатып, тексеру барысында бес литрлік бөтелкелерге оралған акцизсіз алкоголь өнімі табылды.
Сонымен қатар 36 жастағы тұрғыннан 0,5 литрлік пластикалық бөтелкелерге салынған 137 бөтелке акцизсіз алкоголь табылды" - делінген хабарламада.
Барлық фактілер бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.