Батыс Қазақстан облысында тұрғын 348 дана киік мүйізімен ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 қараша күні орын алды.
Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері шекара қызметімен бірге шекара бекетінде Орал қаласының 1972 жылы туған тұрғыны айдап келе жатқан «Крайслер» автокөлігін тоқтатып тексергенде, екі чемоданнан 348 дана киік мүйізі табылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.