Фото: elements.envato.com
БҚО полицейлері пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"26 тамыз сағат 22:30 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алкогольдік ішімдік ішкен адамдарды байқайды және олар қандай да бір жағдайдан күдік туғызады.
Мән-жайды тексеру барысында 1977 жылы туған Орал қаласының тұрғыны бұзақылық ниетпен алкогольдік ішімдікті бірлесе ішкен 1982 жылы туған серіктесінің мойын тұсынан пышақ жарақатын келтіреді" - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.