Ақсай қаласы Қызылтал шағынауданында 12 үйді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл туралы хабар 1 сәуір күні сағат 23.55-те келіп түскен.
Су басқан үйлерден 8 адам эвакуацияланды, олардың төртеуі - балалар. Қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Оқиға орнында 83 адам 30 техникамен жұмыс жасап жатыр.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, облыста Қаратөбе және Шыңғырлау ауданында төтенше жағдай жарияланып, құжаттар әділет органдарына тіркеуге жіберілді.
«Қазіргі уақытта үш ауданда 175 адам (52 техника, 2 жүзу құралы, 12 мотопомпа) су тасқынымен күреске жұмылдырылған», деп хабарлады ведомстводан.