- Бөкей ордасы ауданының Ұялы, Саралжын және Т.Масин ауылдық округтері жаңа жылды жарықсыз қарсы алды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ұялы ауылдық округінің әкімі Бақытжан Оразғұловтың айтуынша, электр жарығы 31 желтоқсан күні шамамен 22.00-дерде сөніп, 1 қаңтар күні 03.30-дарда қайта жанды. Көршілес Саралжын, Т.Масин округтерінде де осындай жағдай орын алды.
«Бөкей ордасы ауданының үш ауылдық округінде жарықтың сөніп қалғаны рас. Арнайы бригада шығып, жоғары кернеулі электр желісіндегі ақауды жөңдеп, қайта қосты. Бөрлі ауданында да бірнеше сағатқа электр жарығы сөніп қалған жерлер бар. Бүгін таңертең сағат 08.00-де Оралға қарасты Деркөл ауылының тең жартысы жарықсыз қалды. Қазір жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Күннің жылынып, электр сымдарына мұздың қатуына байланысты әлі де осындай жағдайлар болуы ықтимал. Сондықтан бригадалар жан-жаққа шығып, жұмыстануда», деді тілші сұрағына жауап берген «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасы - директоры Қуат Мусин.