БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері 5 млн теңге парамен ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім еткеніндей, аталған департаменттің аға тергеушісі мен жедел уәкіліне қатысты тергеу басталды.
Олар 1 қазан күні басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі қысқартуға ықпал етемін деп, Т. деген адамның сеніміне кіріп сеніміне кіріп, алдау жолымен 5 млн теңгесін иемденген.
БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.