06 там, 2018 сағат 16:14

БҚО-дағы Шалқар көлінің суы тартылып барады

Батыс Қазақстан облысының «інжу-маржаны» саналатын Шалқар көлінде ескекпен жүзу қиынға соғып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат24.kz-ке сілтеме жасап.

Себебі оған экологиялық қатер төніп тұр. Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан  көлдің суы күрт азайып кетті. Мамандардың мәліметінше, 2 миллиард текше метр судан қазір 1 жарым миллард текше метр қалған. Ұзындығы 18,5, ені 15 шақырымдық көлдің ені кей жерлерде 2 шақырымға дейін тартылған. Көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жойылып кеткен. Сазан мен шортан балықтары құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осыған байланысты облыста арнайы комиссия құрылып, көлдің жағдайын көзбен көріп қайтты.

«Су азайғандығы, жалпы көлдегі судың тұзы көтерілуі, балдыр басып судың жасыл түске боялуы секілді көптеген экологиялық мәселелер бар. Шалқар көлінің жағдайын жақсарту үшін ғылыми негіздеме жасауымыз керек. Ғылыми-биологиялық негіздеме жасау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөледі. Ол негіздеме ғалымдардың еңбегімен жасалады», - деді облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ықсанғали.